Жиделі бастауыш мектебінде 1-4-сынып оқушыларымен осы мерекеге орай сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, өзге ұлт өкілдерінің тілдері мен мәдениетіне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу, көптілділіктің маңызын түсіндіру.
Балалар өлеңдер оқып, тақпақтар айтып, тіл туралы мағыналы ойларымен бөлісті.






