25 қазан – Қазақстан Республикасы үшін маңызды күндердің бірі. Бұл –мемлекетіміздің негізі қаланған күн. Осыған орай мектебімізде 1-4 сынып оқушылары арасында Республика күніне арналған тәрбие сағаты жүргізілді.
Мерекелік шара оқушылардың патриоттық рухын арттырып, елін сүюге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды. Балалар Қазақстанның болашағы екенін сезініп, өз үлестерін қосуға уәде етті.






