Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Жиделі бастауыш мектебі» КММ
Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты төтенше жағдай орын алған кезде баланың өмірі мен денсаулығын қорғау басты міндет болып табылады. Осы орайда Жиделі бастауыш мектебінде сейсмикалық жаттығу жұмысын жасап, жер сілкінісі кезінде мектепте болсын немесе үй жағдайында өз-өздерін қалай ұстауды, қауіпсіз аймаққа паналауды үйренді.
Шу ауданының білім бөлімінің Жиделі бастауыш мектебінде 1-4 сынып оқушыларының арасында "Алтын күз" мерекесі өтті.
Мақсаты: оқушылардың табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы білімдерін кеңейту, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
🍁Іс-шараның мақсаты — оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, бірлік пен өзара көмекке тәрбиелеу.
Толығырақ...25 қазан – Қазақстан Республикасы үшін маңызды күндердің бірі. Бұл –мемлекетіміздің негізі қаланған күн. Осыған орай мектебімізде 1-4 сынып оқушылары арасында Республика күніне арналған тәрбие сағаты жүргізілді.
Мерекелік шара оқушылардың патриоттық рухын арттырып, елін сүюге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды. Балалар Қазақстанның болашағы екенін сезініп, өз үлестерін қосуға уәде етті.






